Әли Тұрғанбеков Криштиану Роналдумен кездесті

1403

Әли мен Роналдудың кездесуін UFC-ден жеңіл салмақтағы чемпион, ресейлік Хабиб Нурмагомедов ұйымдастырған.

Әли Тұрғанбеков Криштиану Роналдумен кездесті

Қазақстандық Әли Тұрғанбеков танымал футболшы Криштиану Роналдумен кездесті. Бұл туралы футболдан Италияның Ювентус командасы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды Atameken Business.

Әлемге әйгілі футболшы 195 млн оқырманы бар парақшасында "Сенімен кездесу өте керемет болды, мен қуаныштымын" деп жазды.

Айта кетейін, Әли мен Роналдудың кездесуін UFC-ден жеңіл салмақтағы чемпион, ресейлік Хабиб Нурмагомедов ұйымдастырған болатын. Ол Әлимен өзінің Алматыға сапары барысында танысыпты. Бұған дейін Әли Лео Месси, Неймар, Киллиан Мбаппе және Мохамед Салах сияқты футбол жұлдыздарымен кездескен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу