Әли Тұрғанбеков "Ливерпуль" ойыншыларына УЕФА Суперкубогін табыстады

1126

11 жасар балақай УЕФА Суперкубогінің салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, УЕФА президенті Александр Чеферинмен бірге "мерсесайдтық" командаға жеңімпаз кубогін табыстады. 

Әли Тұрғанбеков "Ливерпуль" ойыншыларына УЕФА Суперкубогін табыстады

Қазақстандық Әли Тұрғанбеков ағылшынның "Ливерпуль" және "Челси" клубтарының ойыншыларымен кездесті. Бұл кездесуге Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті, Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев себепкер болған, деп хабарлайды olympic.kz.

11 жасар балақай УЕФА Суперкубогінің салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, УЕФА президенті Александр Чеферинмен бірге "мерсесайдтық" командаға жеңімпаз кубогін табыстады. 

Бұдан бұрын Әли "Ливерпуль" ойыншыларының жабық жаттығу жиынына қатысып, әйгілі футбол жұлдызы Мохамед Салахпен кездесті. Сондай-ақ, лондондық "Челси" ойыншыларымен бірге суретке түсті. 

Мұндай тарихи кездесуді ұйымдастыруға Александр Чеферин мен Қайрат Боранбаев мұрындық болған. Олар футболды шексіз сүйетін Әлидің арманын орындады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу