"Әлі үш Олимпиадаға қатысатын шамам бар": Нұрбек Оралбай алдағы жоспарын бөлісті

1089

Ұту үшін қолымнан келгенінің барлығын жасадым. 

"Әлі үш Олимпиадаға қатысатын шамам бар": Нұрбек Оралбай алдағы жоспарын бөлісті Фото: Жеке парақшасынан

Бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай алдағы жоспарлары мен Олимпиада ойындарының қалай өткені туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Бұдан да үлкен жеңіске жетем деп ойлаймын. Күмісті келесі олимпиада ойындарында алтын қылғым келеді. Лос-Анджелесте 2028 жылы жеңіске жетемін деп ойлаймын. Дайындықты жақында бастаймын. Чемпион болғанда демалатын едім. Күміс болған соң еңбектену қажет. Қателер көп болды. Үшінші раундта жетпей қалды. Қарсыласым да осал емес. Оған алтын бұйырып тұр екен”, – дейді Нұрбек Оралбай.

Нұрбек Олимпиадада Геннадий Головкиннен алған қолдауын айтты.

“Гена ағамыз “Күмісті мен де алғанмын. Осымен тоқтама” деп айтты. Жанкүйерлердің қолдауы сезілді. Қазақ елін қуантқым келді, алтын аламын деп ойладым. Ұту үшін қолымнан келгенінің барлығын жасадым. Демек бұйырғаны осы болды. Әлі жаспын бір емес, бірнеше олимпиадаға қатысу мүмкіндігім бар”, – дейді Нұрбек Оралбай.

Сонымен қатар спортшы егізінің жеңілісі туралы айтты.

“Айбек өкінішке орай жеңіліп қалды. Қарсыласынан емес, төрешілерден жеңіліп қалды”, – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу