Alibaba акциялары тарихи минимумға дейін құлдырады

820

Құнды қағаздардың бір данасы қазір 20,81 доллар тұрады.  

Alibaba акциялары тарихи минимумға дейін құлдырады

Қытайлық Alibaba компаниясының акциялары Гонконг биржасындағы сауда-саттық барысында тарихи минимумға дейін құлдырады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Құнды қағаздар 5,54%-ға арзандап, бір данасы қазір 20,81долларға саудаланып жатыр. Интернет-гиганттың қағаздарын сату Нью-Йорктегі биржада жалғасты. Алдын-ала сауда-саттық кезінде Alibaba-ның депозитарлық қолхаттары 4%-ын жоғалтты, бір данасының бағасы 165,26 долларға дейін төмендеді. Құлдырауға Қытай билігінің өз компаниялары үшін жаңа шектеу шараларын енгізу туралы жоспары себеп болған.

Тамыз айының басында Tencent және Alibaba алпауыттарының акциялары интернеттегі реттеу ережелері жобасы шыққаннан кейін 5%-ға арзандаған еді. Ол бойынша интернет-платформалар тұтынушылардың оң пікірлермен қатар терістерін де жариялауға міндеттелген еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу