Alibaba Group компаниясы Түркияға 2 миллиард доллар инвестиция құймақ

502

Alibaba президенті Майкл Эванс бұл туралы Түркия Президентімен кездесуде айтты. 

Alibaba Group компаниясы Түркияға 2 миллиард доллар инвестиция құймақ Фото: alibabagroup.com

Қытайлық электрондық коммерция алыбы Alibaba Group Holding Ltd бүгін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға елге 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz "Прайм" агенттігіне сілтеме жасап.

Компанияның түрік бөлімшесінің мәлімдемесіне сәйкес, Alibaba президенті Майкл Эванс бұл туралы Президент Ердоғанмен кездесуде айтты, бірақ компанияның бұл қаражатты қашан беретіні нақтыланбады.

  • Эванс сонымен қатар Alibaba елдегі ең танымал интернет-сату платформаларының бірі — Trendyol бөлімшесі арқылы Түркияға 1,4 миллиард доллар инвестициялағанын айтты.

Trendyol бөлімшесінің хабарлауынша, Эванс жаңа инвестициялардың қыр-сырын, соның ішінде Анкарадағы деректер орталығы мен логистикалық орталықтың және Ыстамбұлдағы халықаралық әуежайындағы экспорттық терминалдың құрылысы жайлы толық мағлұмат берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу