Alibaba компаниясы өзінің чатботын іске қосады

716

Компания жақын арада Tongyi Qianwen чатботын Alibaba өнімдеріне қосатынын айтты, бірақ нақты мерзімі жарияланбады. 

Alibaba компаниясы өзінің чатботын іске қосады Фото: MediaPost

Сейсенбіде қытайлық технологиялық алпауыт Alibaba өзінің генеративті жасанды интеллект моделін - ChatGPT жұмыс істейтін технологияның өзіндік нұсқасын көрсетті және ол жақын арада компанияның барлық қосымшаларымен біріктірілетін болады, деп жазады inbusiness.kz BBC сайтына сілтеме жасап.

ChatGPT-ға бәсекелес болатын Tongyi Qianwen ботының атауының аудармасы "мың сұрақ қою арқылы жауап іздеу" дегенді білдіреді.

"Біз генеративті жасанды интеллект пен бұлтты есептеулер арқылы жүретін технологияның жаңа кезеңінің алдында тұрмыз", - деді Alibaba төрағасы және бас атқарушы директоры Даниэль Чжан Tongyi Qianwen іске қосылуына байланысты.

Компания ағылшын және қытай тілдерінде жұмыс істей алатын Tongyi Qianwen алдымен Alibaba хабар алмасу кеңсесінің DingTalk қолданбасында пайда болатынын айтты. Бот жұмыс жиналыстары мен кездесулерде айтылған сөздердің электронды нұсқасын жасап, жазбалар мен электрондық хаттар жазады.

Жаңа жасанды интеллект сонымен қатар Amazon компаниясының Alexa үй дауыстық көмекшісіне ұқсас Tmall Genie құрылғысына да енгізіледі.

Alibaba-ның бұлтты компьютерлік бөлімі клиенттерге де Tongyi Qianwen мүмкіндіктерін қолжетімді етпек, осылайша олар өздерінің арнайы, үлкен тілдік модельдерін жасай алады. Tongyi Qianwen пайдаланушыларын тіркеу жұма күні басталды.

Бұл технология біздің жұмыс күнімізге ғана емес, жалпы өмір сүрі тәртібімізге үлкен өзгерістер енгізеді, дейді компанияның бас директоры Даниэль Чжан.

Соңғы бірнеше айда бүкіл әлемдегі технологиялық компаниялар Microsoft корпорациясының қолдауымен OpenAI әзірлеген ChatGPT-ті қуып жету үшін өзінің чатботтарын шығаруға тырысып бағуда.

ChatGPT сұрақтарға табиғи, қарапайым адам сияқты жауап бере алады, сонымен қатар 2021 жылға дейінгі Интернетте сақталған бар дерекқорларды қолдана отырып, кез-келген жазу стиліне икемдене алады.

Microsoft бұл технологияға миллиардтаған доллар жұмсады және оны ақпан айында өзінің Bing іздеу жүйесіне енгізді, енді оны өзінің кеңсе өнімдеріне - Word, Excel, PowerPoint пен Outlook бағдарламаларына қосады. Олардан  Google да қалыспай, жақында өзінің Bard чатботын жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу