Alibaba платформасында Қазақстанның қандай тауарлары сұранысқа ие

1222

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев отандық тауарлар электронды каналдар арқылы қалай сатылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы 

Alibaba платформасында Қазақстанның қандай тауарлары сұранысқа ие

"Министрлік электронды өткізу каналдары арқылы экспортты белсенді түрде ілгерілетуде. Alibaba.com платформасына бағдарламаның 2 фазасы аясында 100 отандық компания шығарылды. Олардың 62-сі бүгінгі таңда белсенді. Сондай-ақ, 4 мыңнан астам қазақстандық тауарлар сауда алаңында орналастырылғанын атап өту қажет. Олардың арасында отандық тоқыма, тамақ өнімдері сұранысқа ие", дейді министрліктің алқа отырысында Қайрат Төребаев.

Оның айтуынша, қос фаза бойынша бағдарламаға қатысушылардың жалпы саудасынан 45 млн АҚШ доллары түскен.

"Министрлік сондай-ақ басқа да халықаралық сауда алаңдарына қол жеткізу мақсатында бизнес үшін мүмкіндіктерді кеңейту бойынша жұмысты белсенді жүргізуде. Осылайша, біздің еліміз 20 мамырдан бастап Amazon электрондық коммерция платформасындағы "рұқсат етілген" елдер тізіміне енді", дейді ол.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу