Alibaba таза кірісінің 3,5 есеге төмендеп кеткенін мәлім етті

1097

Alibaba таза кірісінің  3,5 есеге төмендеп кеткенін мәлім етті

Қытайдағы аса ірі Alibaba интернет-компаниясының таза кірісі 2016-2017 қаржы жылының алғашқы жартысына жасаған қорытынды бойынша жылға есептегенде   3,5 есеге қысқарып, 2,275 миллиард долларды құрады, деп жазады "Прайм".

Бір акцияға келетін көбейтілген кіріс 5,91 юаньді, немесе 0,89 долларды құрап отыр. Ал 2015-2016 қаржы жылының дәл осындай кезеңінің қорытындысында 20,81 юань болған еді.  Alibaba-ның табысы 9,9 миллиард долларды құрады, ол  өткен қаржы жылының алғашқы жартыжылдығындағы көрсеткіштен 57%-ға жоғары.

Компанияның таза кірісі қаржы жылының екінші тоқсанында  үш еседей, 1,143 миллиард долларға дейін қысқарды.  Бір қарапайым акцияға тиесілі көбейтілген кіріс  2,97 юань, немесе 0,45 долларды құрады.  Бұл  жыл бұрынғы сәйкес кезеңде 8,87 юань болған еді.  Есептік  кезеңдегі  тоқсандық табыс  5,1 миллиард долларға, немесе  34,2 миллиард юаньге жетіп,  55%-ға шарықтады.

Электрондық коммерцияға бағыттанған Alibaba компаниясын  1999 жылы Джек Ма құрған еді. Ол өзінің тұтынушыларына eBay, Amazon және PayPal секілді жекелеген қызметтерін ұсынады. Онлайн-ритейлден бөлек компания Alipay төлем жүйесін дамытуда.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу