Әлібек Қуантыров Батыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік нысандарды аралады

563

БҚО-ға жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі "Ауыл - ел бесігі" шеңберінде іске асырылған жобалардың сапасын бағалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлібек Қуантыров Батыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік нысандарды аралады Фото: gov.kz

Аталған бағдарлама бойынша өңірде әлеуметтік нысандар салынып, жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылды.

ҰЭМ басшысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды.

Нысан 2020 жылы салына басталған. Алайда, құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жұмыс тоқтатылған еді. Жобаның құны - 445 млн. теңге. Бүгінгі таңда жұмыстар 90% орындалған: жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. Нысан әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг (KPO) қаражаты есебінен салынуда.

Сондай-ақ ол кентішілік жолдардың ағымдағы жағдайымен танысып, 2019 жылы күрделі жөндеу жүргізілген балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барды.

Екі қабатты ғимаратта спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған, кең залдар, киім ауыстыратын және жуынатын жылы бөлмелер бар. Барлық секциялар тегін. Мұнда 1500-ден астам оқушы спортпен айналысады. Жаттықтырушылар әртүрлі спорт түрлерінен Қазақстанның чемпиондарын және жүлдегерлерін тәрбиелеген.

Ағымдағы жылы "Ауыл – ел бесігі" шеңберінде Батыс Қазақстан облысында 15 жобаны жүзеге асыруға 4,8 млрд теңге бөліндi.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу