Әлібек Қуантыров Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының өкілдерімен кездесті

806

АҚШ астанасы Вашингтонда Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров дүниежүзілік банк пен халықаралық валюта қорының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әлібек Қуантыров Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының өкілдерімен кездесті

Министр ҰЭМ басшысы Еуропа және Орта Азия өңірі бойынша дүниежүзілік банктің вице-президенті А. Бъердемен кездесу өткізді. 

"Қос тарап өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Министр елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған реформалар туралы айтып берді. ДБ вице-президенті Қазақстанның бұл бағыттағы іс-әрекетін жоғары бағалады", – деп жазылған ҰЭМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ Әлібек Қуантыров жұмыс сапары аясында Мемлекеттік департамент пен АҚШ Қаржы министрлігінің өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

"Қатысушылар әлемдік нарықтағы жағдайды талқылады. Әлеуметтік-экономикалық жағдай үшін туындайтын тәуекелдерді нивелирлеу мақсатында Қазақстанның бірқатар дағдарысқа қарсы, оның ішінде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдап жатқанын атап өтілді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу