Әлібек Қуантыров Дүниежүзілік Банктің көктемгі сессиясына қатысады

461

Қазақстандық делегация ДБ және ХВҚ көктемгі сессияларына жыл сайын қатысады. 

Әлібек Қуантыров Дүниежүзілік Банктің көктемгі сессиясына қатысады Фото: gov.kz

2023 жылғы 13-15 сәуір аралығында ДБ және ХВҚ-ның дәстүрлі көктемгі сессиясы шеңберінде делегация басшысы, ҚР Ұлттық экономика министрі және Қазақстаннан Дүниежүзілік банктің басқарушысы Әлібек Қуантыров халықаралық қаржы институттарының және қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен, сондай-ақ халықаралық экономикалық қоғамдастық өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ол ДБ Президенттігіне кандидат Аджай Бангумен, ДБ-ның Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша жаңа Вице-президенті Антонелла Басанимен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланады. 

Сонымен қатар, Ә.Қуантыров АҚШ Сауда палатасында Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің мүшелерімен дөңгелек үстел жұмысына қатысады, сондай-ақ Standard&Poor's, Moody's және Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттіктерінің басшылығымен кездесу өткізеді.

Қазақстандық делегация ДБ және ХВҚ көктемгі сессияларына жыл сайын қатысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу