Қазақстанның басқа мемлекеттермен шекарасына жақын орналасқан ауылдарда отандық телехабар тарату күшейтіледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.
Үкімет отырысында министр шекаралас ауылдарға қазақстандық телеарналар қолжетімді екенін, бірақ техникалық тұрғыдан телекөрсетілім сапасының нашарлығын атап өтті.
"Шекара маңындағы ауылдарда отандық арналардың хабар таратуы артып, байланыс нығаяды. Бұл біздің ауылды дамытуға арналған жобамызда қарастырылған. Қазірдің өзінде ақпараттық саясат, отандық телевизияны республика бойынша таратуымыз керек. Тиісінше, байланыс болу үшін арналарды техникалық жағынан күшейту керек", – деп түсіндірді Әлібек Қуантыров.
Айта кетейік, шекара маңындағы ауылдардың отандық телеарналарға қолжетімділігі мәселесі көп жылдан бері талқыланып келеді. Телевизиялық инфрақұрылымның нашарлығына байланысты Түркістан облысының кейбір ауылдарының тұрғындары жылдар бойы көрші Өзбекстанның телебағдарламаларын тамашалап келсе, Ресей Федерациясымен шекарадағы аулы тұрғындары сол елдің арналарын көруге мәжбүр болды.