Әлібек Қуантыров жаңа экономикалық саясаттың басым бағыттарына тоқталды

749

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров "Jibek Joly" телеарнасындағы журналист Ерболат Мұхамеджанның "JJ Talk" бағдарламасына берген сұхбатында еліміздің жаңа экономикалық саясаты шағын, орта бизнес және ауылдарды көркейтуге бағытталатынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

Әлібек Қуантыров жаңа экономикалық саясаттың басым бағыттарына тоқталды Фото: aikyn.kz

"Әлем бір орында тұрмайды, әрдайым өзгеріп отырады. Осыған байланысты біз экономикалық саясатты да соған қарай икемдеп отыруымыз қажет. Шағын және орта бизнес – маңызды сала. Мысалы, дамыған елдерде шағын және орта бизнестің үлесі 50%-дан асады, ал бізде бұл көрсеткіш 37%-ға жуықтайды. Осы тұста негізгі міндет – оны көтеру. Содан кейін қарапайым халықтың әл-ауқатын арттыру, атап айтқанда өңірлік теңгерімсіздікті жою, ауылдарды дамыту деп кете береді. Мемлекет басшысының инаугурациядан соң бірінші Жарлығы ауылдарды дамыту тұжырымдамасы екендігі баршаға мәлім", - деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, аталған тұжырымдаманы ұлттық экономика министрлігі әкімдіктермен бірлесіп қарастыруда.

Бұдан бөлек Әлібек Қуантыров 2020 жылы ел экономикасында ең ірі теріс өсім байқалғанын да тілге тиек етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу