Әзербайжанның президенті Ильхам Әлиев өзінің зайыбы Мехрибан Әлиеваны елдің бірінші вице-президенті етіп тағайындады.
Осыған қатысты өкімге Ильхам Әлиев сейсенбі күні қол қойды.
2016 жылдың 26 қыркүйегінде өткен референдумнан соң Әзербайжан Конституциясына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, бірінші вице-президент және вице-президенттер лауазымдары пайда болды.
Бірінші вице-президенттің лауазымы осы уақытқа дейін бос болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу