Әлиев Армения әскерінің қай техникаларының жойылғанын айтты

874

Қатарында 241 танк, 198 зеңбірек пен бірнеше зениттік-зымыран кешені бар.

Әлиев Армения әскерінің қай техникаларының жойылғанын айтты

Әзербайжан әскері Армения қарулы күштерінің әскери техникаларын жойып жатыр. Бұл туралы ел президенті Ильхам Әлиев халыққа үндеуі барысында мәлім етті.

Мемлекет басшысы қандай техникалардың құртылғанын тізіп айтып берді. Қатарында 241 танк, 50 жаяу әскер жауынгерлік машинасы, өздігінен жүретін артиллериялық 17 қондырғы, 198 зеңбірек, 58 мина атқыш, танкіге қарсы қолданылатын 53 құрылғы, 70 "Град" атыс жүйесінің, екі "Ураган", "Ярс" деп аталатын екі зымыран кешені, бір ТОС оқ ату жүйесі, төрт С-300 зениттік-зымыран кешені, үш ТОР,  бес "Куб" және "Круг" зениттік-зымыран кешені, ұшқышы жоқ 6 ұшу аппараты, екі "Эльбрус" жедел-тактикалық зымыран кешені, бір "Точка-У" тактикалық зымыран кешені, сегіз радиоэлектронды күрес құралы, 198 жүк көлігі бар.

Әлиев олжа болған техникалардың да алдағы уақытта жойылатынын жеткізді. 

Еске сала кетсек, 9 қазанда Әзербайжан, Армения және Ресей елдерінің Сыртқы істер министрлері кездесу өткізіп, қос тарап Таулы Қарабақтағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келген еді. Бірақ бірнеше сағат өткеннен кейін тағы да атыс басталды. Содан бері қос тарап  оқ атпау режимін бұзды деп бір-бірін айыптап келеді.

Табиғат Нұрболат
Фото: az.sputniknews.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу