Алиев Қарабақтағы шиеленістің қандай жағдайда тоқтайтынын айтты

744

Тараптар әлі бітімге келген жоқ. 

Алиев Қарабақтағы шиеленістің қандай жағдайда тоқтайтынын айтты

Егер Армения өз әскерін Таулы Қарабақтан шығарып және осы процестің кестесін жарияласа, Әзербайжан атысты тоқтатады. Бұл туралы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев мәлім етті.

"Біздің талабымыз – әскерлерін шығару туралы кестені ұсынсын. Яғни басып алынған территориядан армениялық қарулы күштер таратылуы керек. Сол кезде ғана біз шабуылды тоқтатамыз", – деді Әлиев. 

Еске сала кетсек, Таулы Қарабақтағы ахуал 27 қыркүйекте шиеленісіп кеткен еді. Қос тарап та соғыс жағдайын енгізіп, мобилизация жариялады. 

Баку мен Ереван Таулы Қарабақтың кімге тиесілі екенін 1988 жылдан бері шеше алмай келеді. Халқының басым бөлігін армяндар құрайтын Таулы Қарабақ 1991 жылы Әзербайжан КСР-дан тәуелсіз екенін жариялаған болатын. Баку бұл аймақты күшпен қайтармақ болып, оның арты соғысқа ұласып кетті. 1992-1994 жылдары болған қақтығыста Әзербайжан Таулы Қарабақ пен оған жақын орналасқан жеті ауданнан айырылып қалған болатын.

1994 жылы Әзербайжан, Армения және Таулы Қарабақ республикасы Ресейдің араласуымен уақытша бітімге келген. Бірақ сол уақыттан бері әскери әрекеттер тыйылмай келеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу