Әлиев пен Ердоған Қарабақта жаңа әуежай ашты

1000

Оның құрылысына түріктер атсалысқан. 

Әлиев пен Ердоған Қарабақта жаңа әуежай ашты

Әзербайжан мен Түркия басшылары Ильхам Әлиев пен Режеп Тайып Ердоған Қарабақтағы Физули қаласында халықаралық әуежай ашты, деп хабарлайды Inbusiness.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

Түрік басшысының ұшағы Физулиге 26 қазанда қонды. Оны Әзербайжан президенті қарсы алды. Әлиев Ердоғанға түріктер атсалысқан құрылыс жұмыстарының барысы туралы айтып берді.

Бұл әуежай 2021 жылдың 14 қаңтарында салынған болатын. Ұшу-қону жолағының ұзындығы – 3000 метр, ені – 60 метр. Терминал бір сағатта 200 жолаушыға қызмет көрсете алады.

Физули қаласы аймақтағы соңғы қарулы қақтығыстан кейін Әзербайжанның бақылауына өтті. Ресми Баку Кельбаджар, Лачин және Агдам аудандарын қайтарып алды. Аймақта ресейлік бітімгерлер орналастырылды. Осыдан кейін Арменияда саяси дағдарыс басталды.

Табиғат Нұрболат

Фото: Әзербайжан президентінің баспасөз қызметі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу