Әлиев Түркі мемлекеттерін қорғаныс саласында ынтымақтасуға шақырды

335

Қазіргі таңда әлемде халықаралық құқық нормалары бұзылып жатыр. 

Әлиев Түркі мемлекеттерін қорғаныс саласында ынтымақтасуға шақырды Фото: akorda.kz

Бұл туралы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттерінің ұйымының мерейтойлық саммитінде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әлемнің түкпір түкпірінде қарулы қақтығыстар, қан төгістер және соғыстар орын алып жатыр. Әр елдің қорғаныс мүмкіндіктері – олардың қауіпсіздігінің негізгі кепілі. Менің ойымша, ұйымға мүше мемлекеттердің қорғаныс қауіпсіздігін сақтау, өнеркәсіп аясындағы ынтымақтастығы нығайтыла түсуі керек. Армения Әзербайжанның аумағын 30 жыл бойы оккупациялады және ол жерде заңсыз қуыршақ режимін орнатты. Сонымен қатар Армения жасаған "этникалық тазарту" салдарынан миллионнан астам әзербайжандық өзінің бабаларының елінен кетірілді. Армения біздің қалаларымыз бен ауылдарымызды жермен жексен етті. Мәдени және діни ескерткіштерімізді бұзды", - деді Ильхам Әлиев.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстан Палестинаға 1 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек беретінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу