AliExpress арқылы автокөлік сатыла бастайды

830

Интернет-компания алғашқы сатылымға Chery Tiggo 3, 4, 5 және 7 автомобильдерін шығаруды жоспарлап отыр.

AliExpress арқылы автокөлік сатыла бастайды

AliExpress 5 наурыздан бастап автокөлік сата бастайды, деп хабарлайды altaynews.kz "Коммерсант" газетіне сілтемемен.

Дереккөздің мәліметі бойынша, AliExpress-тің алғашқы әріптесі Қытайдың Chery автоконцерні болады. Интернет-компания алғашқы сатылымға Chery Tiggo 3, 4, 5 және 7 автомобильдерін шығаруды жоспарлап отыр.

AliExpress алдағы уақытта автокөлік брендтерінің санын көбейтіп, арнайы ұсыныстар мен қосымша ассортимент арқылы тұтынушыларды тартпақ.

"Біз сатып алушылардың жаңа санаттарға деген қызығушылығын байқадық. Ұзақ уақыт бойы бақыладық. Әсіресе автомобильдер мен мотоциклдерге деген сұраныс арта түсті", – дейді компанияның бас директоры Лю Вей.

"Коммерсант"-тың ақпаратына сүйенсек, AliExpress арқылы Chery автомобильдерін Ресейде "Чери Автомобили Рус" АҚ сататын болады.

Яғни бірінші болып сатылымға Қытайда құрастылыған автокөліктер шығарылады. Бірақ алдағы уақытта сатылым ауқымын кеңейтуді көздейді компания басшылығы. "Чери Автомобили Рус" PR-менеджері Евгения Никитена-Кацарскаяның айтуынша, қазіргі уақытта бас кеңсе Ресейдегі өнеркәсіп ошақтарымен келіссөз жүргізуде.

Айта кетейік, "Автостат" ақпаратына сәйкес, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Ресейде жаңа автокөліктерді сатудағы қытайлық брендтердің үлесі 2% - ға жуық болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу