AliExpress картасын пайдаланушылар 5 мың долларға ие болуы мүмкін

927

AliExpress картасын пайдаланушылар 5 мың долларға ие болуы мүмкін

Шетелдіктерге Қытайдан түрлі тауар сатып алуға мүмкіндік беретін AliExpress ғаламдық сауда алаңы "Қазпошта" ұлттық пошта операторымен бірлесіп, жаңа өнім – Kazpost/AliExpress кобрендингтік картасын таныстырды, деп хабарлайды abctv.kz. 

"Бұл қадамның жаһандық танымал сауда алаңы ретіндегі AliExpress-тің позициясын, Қазақстандағы үздік логистикалық компания ретіндегі Kazpost позициясын бекем ететіндігіне сенеміз", – дейді AliExpress компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі бас менеджері Бинамра Даш.

Картаға үш-төрт күн ішінде тапсырыс беріп, қол жеткізуге болады. "Қазпошта" АҚ бизнес жөніндегі басқарушы директоры Азат Машабаев картаның артықшылықтары ретінде әрбір сатып алуға 1,5% кэшбек, Қазпошта терминалдары арқылы қаражатты тегін алу және толтыру, картаны тегін шығару және үйге жеткізіп беру, сондай-ақ SMS-хабарлама қызметін тегін қосу және пайдалану бар екенін атап өтті. Картаға post.kz сайты арқылы тапсырыс беруге болады. 

Сондай-ақ Азат Машабаев Visa-мен бірлесіп өткізілетін акция туралы да хабарлады. Оның талаптарына сәйкес, 2017 жылғы 2 қараша мен 2017 жылғы 24 желтоқсан аралығында жалпы сомасы 1500 АҚШ долларына операция жасаған AliExpress картасын ұстаушылар арасында 5000 АҚШ доллардың сертификаты ойнатылады. Ұтыс ойыны 2017 жылғы 25 желтоқсанда өтеді. Бұдан бөлек картаны ресімдеген және post.kz сайтында бір және одан да көп операция жасаған алғашқы 100 клиентке 2017 жылғы 25 желтоқсанда 100 АҚШ долларының сертификаты ойнатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу