Aliexpress-тен Қытайдан тағам сатып алуды тоқтату керек – Жандарбек Бекшин

1326

Коронавирус жануарлардың ағзасында өлмей, тіршілік ете беретіні анықталды.

Aliexpress-тен Қытайдан тағам сатып алуды тоқтату керек – Жандарбек Бекшин

24 қаңтарда Сыртқы істер министрлігі ғимаратында өткен баспасөз мәслихатында тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин Aliexpress-пен Қытайдан тағам сатып алуды тоқтату керек екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, коронавирус +37 градус жағдайында өмір сүреді және ол жануарлардың ағзасында өлмей тіршілік етеді екен. Ал қоршаған ортада тез өлетін көрінеді.

Қытайдың CGTN ақпараттық басылымының дерегі бойынша қазір вирусты жұқтырғандар саны 881-ге жеткен, оның 11-і басқа елдерде. Ал қаза тапқандар саны – 26.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу