Әлихан Баймен: Тілдің иесі – ұлт екенін ұмытпауымыз керек

73

Тілдің иесі – Терминком емес, тілдің иесі – ұлт. 

Әлихан Баймен: Тілдің иесі – ұлт екенін ұмытпауымыз керек Фото: azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы BIZDIÑ ORTA подкастында Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Баймен айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Тілдің иесі ұлт екенін ұмытпауымыз керек. Тілдің иесі – Терминком емес, тілдің иесі – ұлт. Уақыт өткен сайын емле ережесі де қарапайымдалып және жетілдіріліп отыруы керек. Сонымен қатар сөздік қор да толықтырылып отыруы қажет… Ағылшынның тілдік қоры ХХ ғасырдың басында 500 мың болса, ХХІ ғасырда 1 миллионға жеткенін оқыдым. Біздің өмір салтымыз, қоршаған ортамыз, шаруашылығымыздың негізі сөздік қорға әсер етеді. Егер біз мың жыл бұрын жазылған Махмұд Қашқаридің сөздігін алсаңыз, одан кейін біз айырылған көптеген сөзді білесіз, – деді комитет төрағасы.

Ол Қашқаридың Асқар Егеубаев қазақиландырған сол нұсқасын қазір қайта басып шығару керектігін айтады.

– Кезінде сол кітаптан мың жыл бұрын бізде "париктің" қазақша баламасы болғанын көріп қалдым. Кейін қайта іздеп таба алмадым. Себебі әліппемен жазылмаған. Басқа қағидатпен сөздер бөлек-бөлек, кейде сөз тіркестері түрінде жазылған. Біз осындай бұрынғы қазынамыздан да айырылмауымыз, іске қосып, пайдалана білуіміз қажет, – деді Әлихан Байменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу