Әлихан Байменов жаңа лауазымға тағайындалды

190

Бұл туралы Қазақстан Тоғызқұмалақ спорты федерациясы мәлім етті.

Әлихан Байменов жаңа лауазымға тағайындалды Фото: golos-naroda.kz / Ботагоз Искакова

Қазақстанның Тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті болып Әкім Тұрсұн сайланды. Ал бұған дейін республикалық федерацияны басқарған Әлихан Байменов ұйымның Құрметті президенті болып бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әлихан Байменов Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы президенті қызметін жалғастырады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Әлихан Байменов республикалық федерацияны 2004-2025 жылдар аралығында басқарды.

Әлихан Байменов бұған дейін Үкіметте жауапты қызметтер атқарған. Ол- 2014 жылғы қыркүйектен бастап Астана мемлекеттік қызмет хабы (ACSH) басқарушы комитетінің төрағасы.

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Байменовпен кездесіп, бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу