Қозғалысқа шектеу жолдарды жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты енгізіліп отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Керей-Жәнібек көшесі мен М-3 көпірінің аралығында жатқан Әлихан Бөкейхан көшесінің учаскесінде жөндеу жұмыстары басталады.
"Осыған байланысты 12-25 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысына ішінара шектеу қойылатын болады. Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептеліс тудырмау үшін өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет", – делінген ведомствоның хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу