"Әлихан Ленинді тоқтаусыз тепкілеген": Жанат Бақыт енді Ленинмен тілдесіпті

4134

Соңғы кездері шулы мәлімдемелер жасап жүрген журналист Жанат Бақыт Алаш зиялыларымен байланысты тағы бір тақырып қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әлихан Ленинді тоқтаусыз тепкілеген": Жанат Бақыт енді Ленинмен тілдесіпті Фото: inbusiness.kz

"Мен басты алып, денесімен бірге жерлеймін дедім. Бар қалауым сол еді… Алайда басты қолыма алған сәттен бастап бәрі өзгерді! Лениннің құйтырқы өз жоспары болыпты… "Екеуміз басты алып Еуропаға барамыз" деді Ленин қулана күліп. Амалсыз келістім… Әлихан іші сездііііі. Сенбеді. Хан Кененің басын қысып ұстаған күйі бергісі келмеді. Әлихан шарасыз еді. Нағыз бейшараның күнін кешеді. Амалсыз Хан Кененің басын Михаиловтың қолына ұстатуға мәжбүр болды. Михаилов жымысқы жүзімен бір қарап, басты алып жоқ болады. Жан-дүниесі қан жылаған Әлихан қараңғы, суық қапаста жалғыз қалады… Сол кезде ашуға булыққан Әлихан бір күні Лениннің алдына барады. Сен, ит, неге уәдеңді орындамайсың, а? дейді ашудан қалш-қалш етіп. Мен саған уәде беріп пе едім? Дәлелің бар ма? дейді Ленин мысқылдап. Әлихан Ленинді тоқтаусыз тепкінің астына алады. Тебе берді, ұра берді. Тебе берді. "Атамыз, Бабамыз" деп жүрген Лениннің быт-шытын шығара тепкен?" деп кеңседе отырғандар орындарынан қозғала алмай қалды. Ленин: Әлихан, аяғымды сүйсең біреуін босатамын. Жақсылаааап ойлаааан, дейді ыржыңдап. Амал жоқ… Әлихан Лениннің аяғын сүйеді де, Ахметті босатуын өтінеді", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу