Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлім етті.
"Биыл біз күрделі геосаяси жағдайға байланысты бірқатар қиындыққа тап болдық. Бұл бағаның өсуіне, инфляцияға, экономикалық дамудың бәсеңдеуіне әкеп соқты. 2023 жылы бізді жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдер күтіп тұр. Сондықтан біз Президенттің сайлауалды бағдарламасы мен тапсырмаларын сапалы іске асыру үшін барынша күш салуымыз керек. Сондай-ақ форс-мажор жағдайларға барынша тез әрекет етуіміз қажет. Әр министр өз саласы бойынша тапсырмалардың 100% орындалуына кепілдік беруі тиіс", – деді Премьер-Министр.
Сонымен қатар, Әлихан Смайылов әр әкім жергілікті деңгейде әлеуметтік-экономикалық мәселелердің сапалы шешілуін қамтамасыз етуі керек деп атап өтті.
"Мен цифрлық жобалық офис аясында барлық бағдарламаның жобалар мен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын тұрақты түрде бақылайтын боламын.
Мерзімінде орындалмаса немесе орындалу сапасы нашар болса, дереу кадрлық шешімдер қабылданады", – деп ескертті Премьер-Министр Үімет отырысында.