Премьер-Министр АМТ-дағы жағдайды түзету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті

582

Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директорымен кездесті.  

 Премьер-Министр АМТ-дағы жағдайды түзету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті Фото: primeminister.kz

Әлихан Смайылов кәсіпорын басшылығының назарын жұмыскерлердің өлімі мен жарақаттануына әкеп соқтырып жатқан өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы елеулі кемшіліктерге аударды. Сондай-ақ комбинаттың экологияға келтіретін зардабы туралы және өндірісті жаңғыртуға бағытталатын инвестициялар көлемінің жеткіліксіз екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz Премьер-Министрдің ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Өз кезегінде Виджай Гоял "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жұмысшыларының өліміне әкелген жуырдағы төтенше жағдайға байланысты  өкінішін білдірді. Ол жағдайды жеке өзі қарастырып, түйткілді мәселелерді шешу мақсатында қосымша шаралар пакетін әзірлеу үшін Қазақстанға арнайы келгенін айтты. 

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-Министр компания міндеттемелерінің орындаулы Үкіметтің ерекше бақылауында болатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу