Әлихан Смайылов Арменияға барды

423

Үкімет басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысына қатысады.

Әлихан Смайылов Арменияға барды Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысына қатысу мақсатында Цахкадзор қаласына (Армения) барды, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЕАЭО елдері Үкіметтерінің басшылары 2030 және 2045 жылдарға дейінгі интеграциялық үдерістерді одан әрі дамытуды, сондай-ақ өзара сауданы арттыру, ішкі нарықтағы әкімшілік кедергілерді жою және басқа да бірқатар мәселелерді талқылайды деп күтілуде.

Сонымен қатар бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды аралық қорытындылау жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу