Әлихан Смайылов асыл тұқымды мал саудасындағы күмәнді схеманы ашып айтты

136

Біз шикізатты ғана емес, өңделген тауарларды да экспорттауымыз керек. 

Әлихан Смайылов асыл тұқымды мал саудасындағы күмәнді схеманы ашып айтты Фото: Экспресс 24

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының субсидияларға жасалған аудиттің қорытындысын түсіндіру кезінде асыл тұқымды мал саудасындағы күмәнді схеманы ашып айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

— Расымен де осыдан 1-2 жыл бұрын Үкімет көрші елдерге тірі малды экспорттауға уақытша шектеу қойды. Оның негізгі себебі — көрші елдерге асыл тұқымды мал сату көлемі күрт өсіп кеткен. Яғни, шаруашылықтар асыл тұқымды мал сатып алады, оған субсидия алады. Ол содан кейін көрші елдерге арзан бағамен сатады. Сондықтан бұл үрдісті тоқтау үшін уақытша шектеу қойылған еді, — деді палата басшысы.

Әлихан Смайылов экспортты шектеу шаралары өңдеу өнеркәсібін ынталандыру үшін қабылданатын тетік екенін депутаттардың есіне салды. 

— Мысалы, күнбағыс дақылының айналымын да біз экспорттық баж арқылы біршама шектедік. Соның нәтижесінде қазір ішкі нарықтағы күнбағыс дақылының өңделу деңгейі күрт өсті. Біз шикізатты ғана емес, өңделген тауарларды да экспорттауымыз керек. Соған жағдай жасауымыз керек, — деді Әлихан Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу