Әлихан Смайылов: "Ауыл – Ел бесігі" жобаларын уақытылы іске асыру қажет

470

2027 жылы даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылды Өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне дейін жеткізу күтіліп отыр. 

Әлихан Смайылов: "Ауыл – Ел бесігі" жобаларын уақытылы іске асыру қажет Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырсында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл ауылдық аумақтарды дамытудың 2027 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Оның аясында "Ауыл – Ел бесігі" жобасы ауыл инфрақұрылымын жаңғырту бойынша негізгі құралдың бірі болып белгіленді", - деді ол Үкімет отырысында. 

Осыған байланысты Әлихан Смайылов бірқатар министрлікке тапсырма берді.

"Ұлттық экономика министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, барлық "Ауыл – Ел бесігі" жобаларын сапалы және уақытында іске асыруды қамтамасыз ету тиіс. Екіншіден, Қаржы министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, республикалық және жергілікті бюджеттерден "Ауыл - Ел бесігі" жобасын барынша қаржыландыру мәселесін пысықтасын", - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Бұдан бөлек облыс әкімдеріне ауылдық аумақтарды дамыту үшін жеке инвестицияларды тарту жұмысын жеделдету тапсырылды.

"Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, барлық қажетті шараны қолдансын. Сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз етсін", - деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу