Әлихан Смайылов Азия Даму Банкінің атқарушы директорымен кездесті

656

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Азия Даму Банкінің атқарушы директоры Серджио Лугарези бастаған Директорлар кеңесінің мүшелерімен кездесті.

Әлихан Смайылов Азия Даму Банкінің атқарушы директорымен кездесті

Тараптар АДБ-ның Қазақстан үшін 2023-2027 жылдарға арналған елдік әріптестігінің жаңа стратегиясын әзірлеуді, ҚР Үкіметінің жаңа экономикалық саясатының қағидаттарын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-Министр Қазақстан саяси даму және экономикалық трансформацияның жаңа кезеңіне кіргенін, бұл экономиканы әртараптандыру, мемлекеттік басқаруды реформалау және адами капиталды кешенді дамыту жөніндегі шараларды іске асыруды көздейтінін атап өтті.

Сонымен қатар Үкімет республиканың инвестициялық тартымдылығын арттыру, салық-бюджет саясатын жетілдіру және экономиканы декарбонизациялау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

"Елдің негізгі басымдықтарын іске асыру қазіргі қиындықтарды еңсеруге және тұрақты әрі сапалы экономикалық өсу траекториясына шығуға мүмкіндік береді", — деді Әлихан Смайылов. 

Бұл ретте Үкімет басшысы Қазақстан мен АДБ арасындағы ынтымақтастықтың негізгі құжаты республиканың даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін жаңа Елдік әріптестік стратегиясы болатынын атап өтті.

Өз кезегінде Серджио Лугарези Банктің барлық мүдделі бағыттар бойынша ҚР Үкіметімен белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады.

"Арадағы жемісті әріптестік барлық жоспарланған міндеттерді тиімді іске асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін", — деді Серджио Лугарези.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу