Әлихан Смайылов Бакуде Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоқтарын қойды

548

Бұл туралы inbusiness.kz  ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлихан Смайылов Бакуде Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоқтарын қойды Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Баку қаласында Әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоқтарын қойды.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов Гейдар Әлиевтің зайыбы Зарифа Әлиеваның бейітіне де гүл шоқтарын қойды.

Құрметті адамдар жерленген аллея Баку қаласының таулы бөлігінде орналасқан. Мұнда Әзербайжан елінің көптеген көрнекті ғылым және мәдениет қайраткері, саясаткерлері, қоғам қайраткерлері жерленген.

Бұған дейін Қазақстан мен Әзербайжан сауда көлемін 1 млрд. долларға дейін жеткізуді жоспарлап отырғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу