"Экономиканы дамытудың негізгі шарттарының бірі – макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы және Сауда министрліктері қазіргі сын-қатерлерді ескере отырып, инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі шараларды іске асырудың тиімділігін арттыруы қажет. Тағы да еске саламын, біздің міндетіміз – биыл инфляцияны 2 есе төмендету", – деді Премьер-Министр.
Сонымен қатар ол Инвестиция тарту жұмысын күшейту қажет екенін атап өтті.
"Сыртқы істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, инвестиция тарту рәсімдеріндегі қордаланып қалған жүйелік проблемаларға жан-жақты талдау жүргізуі тиіс. 1 ай мерзімде оларды жою жөнінде нақты ұсыныстар енгізу керек", – деді Әлихан Смайылов.