Әлихан Смайылов декларациялауға қатысты тапсырма берді

1069

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялау жүйесі енгізіледі. 

Әлихан Смайылов декларациялауға қатысты тапсырма берді

Премьер-министрдің бірінші орынбарасы Әлихан Смайылов қаржы министрлігіне жалпыға бірдей декларациялауды қазақстандықтарға түсіндіруді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биыл елімізде жалпыға бірдей декларациялау жүргізіледі. Ол 4 кезеңнен тұрады.

"1-кезеңде мемлекеттік қызметкерлер, оларға теңестірілген адамдар, олардың жұбайлары декларация тапсырады. Осыған байланысты қаржы министрлігі ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізіп, ақпараттық жүйелер мен мобильді қосымшалардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі керек",  деді Әлихан Смайылов Қаржы министрлігінің алқа отырысында.

Айта кетейік, 2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Президенті "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойған еді. Бұл құжат нормаларына сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялау жүйесі енгізіледі.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу