Отырыс аясында Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін өнім шығаратын жеке мұнай өңдеу зауыттарынан (МӨЗ) салықтық жеңілдіктерді алып тастау, бизнес субъектілеріне МӨЗ-дегі инфрақұрылым объектілерін қолжетімді ету, оларда мұнай өнімдерін сақтауды регламенттеу, сондай-ақ мұнай өнімдерін тиеу және тасымалдау қызметтеріне тарифтерді төмендету тұрғысынан реттеу бойынша ҚР Энергетика министрлігі әзірлеген ұсыныстар талқыланды.
Сонымен қатар МӨЗ-де қауіпсіздік жүйелеріне аудит жүргізу, өнімді өндіруді, сақтауды, сыртқа шығаруды және басқа да технологиялық процестерді бақылау, сондай-ақ олардың аумағында сұйытылған мұнай газын сақтау парктерін салу және олардың қызметімен байланысты мәселелер қаралды.
Сондай-ақ отырысқа қатысушылар "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және т.б. қызметіне қатысты кейбір мәселелерді қарады.
Талқылау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Комиссияның келесі отырысында шешім қабылдау үшін бірқатар тапсырма берді.