Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

527

Отырыста "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ және "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС қызметінің мәселелері қаралды.

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров қазіргі уақытта монополиялық жоғары баға қою, жағдайды асыра пайдалану бойынша "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ-ға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Марат Омаровтың айтуынша, ведомство "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-не қатысты сұйытылған мұнай газына монополиялық жоғары баға белгілеу және ауыстырып тиеу, сақтау қызметтері мәселесі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

Үкімет басшысы осы бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруды және оның нәтижесі бойынша тиісті ұсыныстар дайындап, комиссия қарауына шығаруды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу