Әлихан Смайылов еліміздің Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда-экономикалық әріптесін атады

620

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы шамамен 33%-ға өсті. 

Әлихан Смайылов еліміздің Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда-экономикалық әріптесін атады  Фото: KZgovernment

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасарлары Жамшид Ходжаевпен және Журабек Мырзамахмудовпен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп жазады inbusiness.kz.

Әлихан Смайылов Өзбекстан еліміздің Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда-экономикалық әріптесі екенін атап өтті. 2021 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы шамамен 33%-ға өсті. Биыл да оң динамика сақталып отыр.

Бұдан бөлек Үкімет басшысы екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға Қазақстан-Өзбекстан Үкіметаралық комиссиясы, Өңіраралық ынтымақтастық форумы септігін тигізіп отырғанын айтты.

Жамшид Ходжаевтың айтуынша, Қазақстан Өзбекстан үшін стратегиялық серіктес.

"Кооперация қарқынын арттыруымыз керек. Егер стратегиялық кооперациялық жобаларымыз көп болса, бұл бизнесті дамытуға және саудадағы кедергілерді жоюға серпін береді. Жалпы, өзара тауар айналымын ұлғайту бағытында жұмыс істеуге дайынбыз", - деді Жамшид Ходжаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу