Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысып жатыр

552

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына қатысу үшін Ереванға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Іnbusiness.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысып жатыр

Сондай-ақ шараға Арменияның Үкімет басшысы Никол Пашинян, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Қырғызстанның Үкімет басшысы Ақылбек Жапаров, Ресей Министрлер кабинетінің төрағасы Михаил Мишустин қатысып жатыр.

"Қазіргі уақытта шағын форматтағы отырыс өтіп жатыр. Оның барысында өнеркәсіптік кооператив жобаларын қаржыландыру, электронды сауданы әкімшілендірудің бірыңғай аналитикалық жүйесін әзірлеу, Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі шаралар, газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі қадамдар, сондай-ақ бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқылануда", – делінген мәліметте.

Ертең, 21 қазанда, кеңейтілген құрамдағы ЕҮАК отырысы өтеді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу