Әлихан Смайылов: Ешбір өзекті сұрақ жауапсыз қалмайды

668

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне қойылған әрбір сұрақ пен көтерілген әрбір проблеманы мұқият зерделеуге тапсырма бердім. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Әлихан Смайылов: Ешбір өзекті сұрақ жауапсыз қалмайды

"Белсенділік танытып, сұрақ қойып жатқандарыңызға алғыс білдіремін. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне қойылған әрбір сұрақ пен көтерілген әрбір проблеманы мұқият зерделеуге тапсырма бердім. Өкінішке қарай, жұмыс бабына байланысты сіздердің барлық сұрағыңызға жеке жауап бере алмауым мүмкін. Десе де, ешбір өзекті сұрақ жауапсыз қалмайтынын және оларға құзырлы органдар міндетті түрде жауап беретінін жеткізгім келеді", – деді Әлихан Смайылов.

Еске салсақ, кеше ҚР Үкімет басшысы Facebook желісінде жеке парақшасын ашып,

"Жазылыңыздар, сұрақ қойыңыздар, идеялар ұсыныңыздар. Мүмкіндігінше сауалдарыңызға жауап беріп, қажетті шешімдерді қабылдаймын", – деп жазба қалдырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу