Әлихан Смайылов Халед Мохамед Аль Бадимен кездесті

607

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Al Badie Group for Trading and Investment (ABG) компаниясының бас директоры Халед Мохамед Аль Бадимен кездесу өткізді, онда автомобиль жолдарын салу саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Әлихан Смайылов Халед Мохамед Аль Бадимен кездесті

ABG компаниясы еліміздегі ірі автожол жобаларын, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдарды жаңғыртуды қаржыландырып, оларды жүзеге асыруға ниет білдірді.

Премьер-министр бүгінде араб инвесторларының Қазақстанға деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті. Үкімет басшысының айтуынша, бұған таяуда Мемлекет басшысының БАӘ-ге сапары ықпал етті.

"Біз шетелдік серіктестердің әрбір ұсынысын жоғары бағалаймыз, сондай-ақ инвестицияларды қорғау және қолайлы іскерлік ахуалды қамтамасыз ету бойынша барлық міндеттемелерімізді орындаймыз", – деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Халед Мохаммед Аль Абади ABG компаниясының әлемнің көптеген елдерінде ірі инфрақұрылымдық жобаларды табысты іске асыруда тәжірибесі бар екенін айтты.

"Екі ел басшыларының белсенді өзара іс-қимылы, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамуы біздің Қазақстанға келуімізге себеп болды. Біз автожол жобаларын іске асыруды инвестициялауға мүдделіміз, сондықтан Қазақстан Үкіметімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істегіміз келеді", – деді Халед Мохамед Аль Бади.

Кездесу қорытындысы бойынша премьер-министр компанияның ұсыныстарын тиісті мемлекеттік органдардың мұқият зерделеп, пысықтайтынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу