Әлихан Смайылов J.P. Morgan және TotalEnergies басшыларымен кездесті

499

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші пленарлық отырысы аясында J.P. Morgan инвестициялық банкі мен TotalEnergies SE француз мұнай-газ компаниясы өкілдерімен кездесті, деп жазады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Әлихан Смайылов J.P. Morgan және TotalEnergies басшыларымен кездесті

TotalEnergies SE аға вице-президенті Жулиен Пужемен әңгімелесу барысында компанияның Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы қызметі, жел энергетикасындағы жобаларды іске асыру және экономиканы декарбонизациялау мәселелері талқыланды.

TotalEnergies SE – еліміздегі ең ірі инвесторлардың бірі, Қашаған және Доңға жобаларына белсенді түрде қатысып келеді. Бұдан бөлек, компания Қызылорда және Жамбыл облыстарында күн энергетикасы саласында екі жобаны іске асырды.

J.P. Morgan компаниясының Ресей және ТМД елдеріндегі президенті Ян Тавровскиймен жаһандық макроэкономикалық ахуал, халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл, Қазақстанның әлемдік капитал нарығына шығу жөніндегі жоспарлары талқыланды.

Үкімет басшысы J.P. Morgan компаниясының Қазақстанда 20 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқанын және осы уақыт ішінде клиенттердің ең күрделі мәселелерін шешуге қабілетті сенімді және тұрақты серіктес ретінде танылғанын атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу