Әлихан Смайылов қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан азаматтардың жақындары көңіл айтты

345

Премьер-Министр Үкімет орын алған оқиғаның себептерін анықтау үшін барлық шараларды қабылдап, кінәлілер жауапқа тартылатынын жеткізді.  

Әлихан Смайылов қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан азаматтардың жақындары көңіл айтты Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазалы inbusiness.kz сайты. 

"Алматыда адамдардың өліміне әкеп соққан қайғылы жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі орын алған оқиғаның себептерін анықтау үшін барлық шараларды қабылдайды, кінәлілер жауапқа тартылатын болады. Барлық зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетіледі.

Марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетулерін тілеймін", - деді Әлихан Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу