Әлихан Смайылов Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

992

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Әлихан Смайылов Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

"Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Рамазан – біздің халқымызға тән қайырымдылық, адамгершілік сияқты рухани құндылықтарды нығайта түсетін рақым айы. Берекелі ай бүкіл қоғамның мерейін асырып, ынтымақ пен ауызбіршілікке, игілікті істерге үндейді. Шынайы ниетпен ұстаған оразаларыңыз, жасаған ізгі амалдарыңыз бен тілектеріңізді қабыл етсін. Ел іргесі қашанда берік, жұртымыз тыныш болсын!", – делінген Үкімет басшысының құттықтауында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу