Әлихан Смайылов Қырғызстан Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровпен келіссөздер жүргізді

406

Кездесу Алматыда болып жатқан "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" ІІ экономикалық форумының алаңында өтті.  

Әлихан Смайылов Қырғызстан Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровпен келіссөздер жүргізді Фото: primeminister.kz

Тараптар сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, инвестициялар тарту, ауыл шаруашылығы мен су-энергетика саласындағы ынтымақтастық және басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.

Әлихан Смайылов Қазақстан мен Қырғызстан арасында өзара сыйластық пен тату көршілікке негізделген сенімді қарым-қатынас дамып келе жатқанын атап өтті.

2022 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 7,5%-ға өсіп, $1,1 млрд-тан асты. Оң үрдіс биыл да сақталып отыр.

"Жақын арада сауда айналымының көлемін $2 млрд-қа жеткізу үшін қажетті шаралар қабылдануда. Бірлескен іс-қимылдар арқасында аталған мақсатқа қол жеткіземіз деп сенемін. Қазақстан Үкіметі екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған көпқырлы өзара іс-қимылдың барлық салалары бойынша белсенді диалогты жалғастыруға дайын", — деді Премьер-Министр.

Өз кезегінде Ақылбек Жапаров елдер арасындағы екіжақты күн тәртібіндегі барлық мәселелер өзара түсіністік, сенім және қолдау рухында талқыланып, шешімін тауып жатқанын атап өтті.

"Бүгінгі кездесуіміз екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылауға және айқындауға жақсы мүмкіндік беретініне сенімдімін", — деді Ақылбек Жапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу