Әлихан Смайылов McDonald's-тың Қазақстаннан кетуіне қатысты пікір білдірді

Компания талаптарын орындау үшін ауқымды инвестиция керек. 

Әлихан Смайылов McDonald's-тың Қазақстаннан кетуіне қатысты пікір білдірді Фото: google

Әлихан Смайылов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында халықаралық брендтің отандық нарықтан кетуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Елімізде ірі халықаралық брендтердің болғаны жақсы. McDonald's-тың Қазақстаннан кетуі елдегі инвестициялық ахуал немесе басқа да жағдайлармен байланысты емес. Бұл тікелей McDonald's компаниясының Ресейден кетуімен байланысты. Аталған өнім шикізаты Ресей арқылы қамтамасыз етіліп келді. Тағы бір себеп - олардың өнімдерге қоятын жоғары талаптары. Өніммен қамту үшін жеткізушінің бірқатар сертификаты болуы керек. Бұл жерде өнімнің сапасы да маңызды. Компания талаптарын орындау үшін ауқымды инвестиция керек. Қазақстанның нарығы шектеулі, сондықтан мұндай ауқымды инвестиция қысқа мерзімде қайтарылмайды", – деді Әлихан Смайылов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қазіргі мақсат халықаралық компания жұмысшыларының орнын сақтап қалу.

Еске сала кетсек, 5 қаңтар McDonald's еліміздегі қызметін ресми тоқтатты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу