Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдік басшылары Алматы агломерациясы, Қонаев қаласы, G4 City интеграцияланған қаласын және жалпы өңірді дамыту жөніндегі шаралар туралы баяндады, деп жазады inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қонаев қаласындағы кәріз-тазарту құрылыстарын реконструкциялау МЖӘ тетігі арқылы жүргізілетіні атап өтілді. Мәселен, жеке әріптес анықталғаннан кейін КТҚ құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталады. Кеңесте республикалық және халықаралық деңгейде де көптеген көрермен тартатын ірі мәдени-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды. Солардың бірі – MotoGP мотоцикл жарысы бойынша әлем чемпионаты", - делінген хабарламада.
Үкімет басшысы барлық қатысушы мемлекеттік орган жаңа облыс орталығы – Қонаев қаласын, G4 City қаласын және бүкіл өңірді дамыту жөніндегі тапсырмаларды орындауға жауапкершілікпен қарау қажеттігін атап өтті.
"Біз барлық сұрақтарды талқыладық. Мемлекеттік органдар қойылған міндеттерді тиісінше пысықтауы қажет. Облыс тұрғындары Қонаев пен өңірдің қарқынды дамуын күтіп отыр. Сондықтан қазір әкімшілік рәсімдерді кешіктірмей, қажетті шешімдер қабылдау маңызды", - деді ол.
Әлихан Смайыловтың сөзінше, қабылданып жатқан шаралар облыстың дамуына айтарлықтай серпін беруі тиіс.