Премьер-Министр мұның барлығы Қазақстан экономикасы үшін басым бағыттар екенін атап өтті.
"Осы орайда Adani Group-пен ынтымақтастықтың әлеуеті зор деп санаймыз және сіздің компанияңыздың біздің еліміздегі іскерлік байланыстарды кеңейту ниетін құптаймыз", — деді Әлихан Смайылов.
Үкімет Қазақстанда холдинг жобаларын іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.
Өз кезегінде Гаутам Адани компания бірінші кезекте азаматтық авиация, мұнай-химия секторы, көлік-логистикалық инфрақұрылым, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және "жасыл" сутегін өндіру бойынша жобаларға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.
"Біз белсенді жұмыс істеуге дайынбыз", — деді Гаутам Адани.