Әлихан Смайылов Ресейге барады

589

Ресейдің Екатеринбург қаласында 4 шілдеде болатын Иннопром-2022 "Өнеркәсіптік өту: көшбасшылар тәжірибесі" XII Халықаралық көрмесінің Бас стратегиялық сессиясына Ресей мен Қазақстан Премьер-министрлері Михаил Мишустин мен Әлихан Смайылов қатысады.

Әлихан Смайылов Ресейге барады

Іс-шара аясында "екі елдің үкімет басшыларының келіссөздері жоспарланған, оның барысында Ресей-Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, соның ішінде энергетика, көлік инфрақұрылымы, білім, ғылым, мәдениет және басқа салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуді талқылау жоспарланған".

Бұл туралы Ресей үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Сонымен бірге Мишустин мен Смайылов Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграцияны "тереңдетудің" басым міндеттерін қарастырмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу