Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастық, соның ішінде уран өндіру жобалары бойынша өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.
Ресей тарапының екі елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту мақсатында Қазақстанның уран өндіру саласына бұдан арықарай да инвестиция салуға мүдделі екені аталып өтті.
Сонымен қатар, атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективалары қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов пен Алексей Лихачев қолданыстағы жобаларды табысты жүзеге асыру үшін өзара іс-қимылды тығыз жалғастыруға және тиімді серіктестіктің жаңа бағыттарын талқылауға дайын екендіктерін растады.