Әлихан Смайылов Shell компаниясының өкілімен мұнай-газ саласын дамыту мәселелерін талқылады

470

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Shell компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Зои Юновичпен кездесті.

Әлихан Смайылов Shell компаниясының өкілімен мұнай-газ саласын дамыту мәселелерін талқылады Фото: primeminister.kz

Кездесуде Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын игерудің өзекті мәселелері, газ өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы жобаларды іске қосу жоспарлары, сондай-ақ өндірістегі тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралар талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz .

Әлихан Смайылов Қазақстан мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастыратынын атап өтті.

Өз кезегінде Зои Юнович компанияның екіжақты әріптестікті нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады. Атап айтқанда, мұнай және газ өңдеу саласындағы жобаларды дамытуға әзір.

Қорытындылай келе, Премьер-Министр Үкіметтің мүдделер теңгерімін сақтай отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу